Apple аккаунтыңызға кіріңіз

App Store, Apple Music, iCloud, FaceTime, Apple Books және т.б. сияқты Apple сервистеріне қол жеткізу үшін Apple аккаунтыңызға кіріңіз.

Apple құрылғыңызды орнатқанда немесе кез келген уақытта кіре аласыз:

  • iPhone немесе iPad құрылғысында: «Реттеулер» тармағына өтіңіз, одан кейін «Apple аккаунты» түймесін түртіңіз.

  • Mac компьютерінде: Apple мәзірі  > «System Settings» тармағын таңдаңыз, одан кейін бүйірлік тақтада «Sign in with your Apple Account» түймесін басыңыз.

Apple аккаунтыңыз жоқ болса, оны жасауға болады.

Apple аккаунтыңыздың ақпаратын, соның ішінде атыңызды, фотоңызды, контакт ақпаратыңызды, құпиясөзіңізді, қауіпсіздік реттеулерін және төлем мен жеткізу ақпаратын қарауыңызға және өзгертуіңізге болады.

Ақпаратыңыз бен мазмұныңыз бірдей Apple аккаунтыңызға кірген барлық құрылғыларыңызда қолжетімді болады. Apple аккаунтыңызға кіру атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.